Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын екінші раундта жеңді

2020 жылдың 25 қазан 2020 03:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атақты ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы Хабиб 2018 жылы жеңіп алған чемпиондық белбеуін үшінші мәрте қорғады. Оған америкалық Джастин Гэтжи қарсылас атанды.


Алғашқы раундта қос спортшы да белсенді қимылдап, бірнеше дәл соққы жасай білді. Екінші раундта Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын тұншықтыру әдісіне салып, жеңіске жетті.

Осылайша, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов 29-шы жекпе-жегінде озық шықты.


Автор Қасқырбай Қойшыманов
Басты сөздер: Видео, Спорт,
Жоғары қарай