Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді

2021 жылдың 11 маусым 2021 14:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келеді. Ол аралас жекпе-жектен өтетін халықаралық турнирдің қонағы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара 18 маусымда «Almaty Arena» кешенінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Шамиль Зовуров бразилиялық Рикардо Тирлониге қарсы шығады.

Сонымен қатар, кешке бірнеше мемлекеттің спортшылары қатысады. Оның ішінде қазақстандықтар да бар.

Хабиб Нурмагомедов – ресейдің аралас жекпе-жек спортшысы, жеңіл салмақтағы UFC экс- чемпионы.

Кәсіби деңгейде ол 29 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түсті.

2020 жылдың 24 қазанында жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы Хабиб Нурмагомедов Әбу-Даби қаласында 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағаны туралы мәлім еткен болатын.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай