Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Хабаровск маңында ұшақ құлаған жерден түсірілген видео жарияланды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 14:32

ХАБАРОВСК. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей Төтенше жағдай министрлігінің Хабаров өлкесі бойынша Бас басқармасы Хренбтовая тауының маңында Ан-26 ұшағы құлаған жерден түсірілген бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ сынықтарын анықтау орнына іздеу тобы шықты.

22 қыркүйекте Ан-26 ұшағы Хабаров өлкесі аумағындағы ұшуларды қамтамасыз етудің жер бетіндегі радиотехникалық қамту құралдарын тексеру үшін ұшып шыққан. Хабаровск қаласынан 38 шақырым жерде ұшақ радарларға көрінбей кеткен.

Ұшақтың бортында экипаждың алты мүшесі болған. «Ұшу тексерістері мен жүйелері» ЖАҚ-ның иелігіндегі ұшақ техникалық ұшуын орындаған еді.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға, Видео,
Жоғары қарай