Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті

2021 жылдың 28 қазан 2021 22:03

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгін әлеуметтік сала қызметкерлері және ардагерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова әлеуметтік сала қызметкерлері мерекесі аясында ардагерлер және сала мамандарымен жүздесті. Жүздесу барысында әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қол жеткізген табыстар кеңінен талқыланды.

Аймақ басшысы сала мамандары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және кәсіби мерекесімен құттықтады. Егемендік кезеңнен бері азаматтарды әлеуметтік қорғаудың алғышарттары жасалды.

«Сонау тоқсаныншы жылдары зейнетақы төлеміне өзгерістер енгізілді. Бүгінгі дейін әлеуметтік көмек көрсету реформаларының әртүрлі кезеңі қалыптасты. Соның ішінде қазіргі пандемия кезінде де әлеуметтік қорғау жүйесі жұмысы тоқтатқан жоқ. Сын сәтте мамандар тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс атқарды. Халыққа барынша қолдау көрсетті. Азаматтарды қабылдау мәселесі де бір мезетке толастаған жоқ. Алғашқы кезекте мүгедектігі бар адамдардың, жеке көмекшілердің, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың вакцина алуы үшін жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осылайша індеттің алдын алуға үлес қосуда. Бүгінгі күні әлеуметтік салада 2 мыңнан астам адам еңбек етуде. Әлеуметтік қызметкерлер адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсерін тигізіп отыр. Әрбір жасаған еңбек - халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуге бағытталған», - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында әлеуметтік сала ардагерлері Қорғанбек Қайруллаев, Геннадий Максин, Күлзия Дүзелбаева әріптестерін құттықтады. Өздерінің еңбек жолдары туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еске салсақ, Қызылордада жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жағдайы жақсарды.





Жоғары қарай