
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 3 еседен астам өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-сұлтанда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция миннистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төлеу мерзімі 90 күннен асқан несиеге сыйақы есептеуге тыйым салатын заң күшіне енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында былтыр желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның нормалары іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазТрансГазАймақ»-тың Шымкенттегі филиалына 18,37 млн теңге айыппұл салынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 164-бабы 4-бөлігімен 4 хаттама толтырылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болат Жәмішев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысында қант қызылшасы алқабы бірте-бірте ұлғайтылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысындағы қант қызылшасы алқабын ұлғайту үшін су ресурсы мәселесін шешу керек. Сондай-ақ, жергілікті зауыт пен шаруашылықтар арасында тығыз байланыс орнатылуы маңызды. Ақсу ауданына барған сапарында аймақ басшысы Бейбіт Исабаев осыған назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты үй құстарын егуге 6,2 мың доза вакцина бөлінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құс тұмауына қарсы шұғыл шаралар қабылдау мақсатында қауіпті аймақтардағы құстарды егуге 6 291 доза вакцина бөлінді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелдіктердің қатысуымен 63 млрд доллардың жобалары іске асырылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде шетелдіктердің қатысуымен 63 млрд доллардың жобасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік саласында базалық шарттарға сәйкес келмейтін 128 норматив жойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр Алмаз Ыдырысовтың төрағалығымен көлік саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай