Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Грант саны көбейгендіктен, ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру керек - Асхат Аймагамбетов

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көтеру жұмыстарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғарғы білім бойынша жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі артып келеді. Соңғы 4 жылда мемлекеттік тапсырыс 1,3 есеге көбейген және биыл түлектерге 53 мың грант беріледі. Президент тапсырмасымен биылдан бастап, грант құны көтеріледі. Оның бағасы 10 жыл бойы өзгермеген еді. Бұл ретте біз еңбекақыны көтеруді мемлекеттік ЖОО-ларға міндеттейміз», - деді министр Фейсбук желісінде халық алдында есеп беру барысында.

Оның айтуынша, қазір еңбекақы төлеу қорында ең төменгі еңбекақы шегін белгілеу мәселесі талқыланып жатыр.

«Грант құнының көтерілуі педагогтардың да еңбекақысын арттыруға ықпал етуі тиіс. Кей оқу орындарында оқытушылардың еңбекақысы 70-80 мың теңге екені айтылады, бұл - қабылдауға келмейтін цифрлар. Соңғы жылы кей жерде 70%, кей жерде - 50%, 20% еңбекақы көтерілді. Бірақ, мемлекеттік тапсырыс құны көтерілген соң, әлі де ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын арттыру мүмкіндігі бар», - деді А. Аймағамбетов.


Жоғары қарай