Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкиннің жапондық боксшымен жекпе-жек уақыты белгілі болды

2021 жылдың 29 қазан 2021 09:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 желтоқсан күні Жапонияда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белдігінің иесі Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

AsianMMA.com басылымының жазуынша, жекпе-жек Азиядағы тұрғындар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі.

«Жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өткізілуі мүмкін, сондықтан оны кешкі уақытта АҚШ-та трансляциялауға болады», - деп жазылған хабарламада.

Елорда мен Токио арасындағы уақыттың үш сағат айырмасын есепке ала отырып, Головкин-Мурата бокс шоуы сәрсенбі, 29 желтоқсанда кешке қарай басталуы мүмкін.


Басты сөздер: Спорт, Бокс, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай