Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкиннің промоутері оның басқа боксшылардан ерекшеліктерін атады

2021 жылдың 23 маусым 2021 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) бірге жұмыс атқарып жүрген промоутер Том Леффлер GGG-дің басқа табысты боксшылардан айырмашылығы қандай екенін баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Геннадий күнтізбесінде жоспарланған жекпе-жектері болмаса да, қатаң тәртіп сақтап жүреді.

«GGG – өте «таза» өмір салтын жүргізіп келген жігіттердің бірі. Ол әрдайым жеген тамағын, салмағын қадағалап, артық келі қоспайды. Ол түнгі клубтарда уақыт өткізбей, ақшасын үнемдеп, отбасын бірінші орынға қойған жігіт», - деп баяндады Леффлер.

Геннадий Головкин бүгінде соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында өткізген. Онда ол Польша боксшысы Камил Шереметаны (21-2, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңіп шыққан. Қазақстандық боксшының рингке оралуы жаздың соңына жоспарланып отыр, алайда оның өтетін күні мен қарсыласының есімі әзірге белгісіз.


Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай