Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкиннің «Канелодан» соң кіммен айқасатыны белгілі болды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxingnews24.com сайтының авторы Джефф Аранау америкалық боксшы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-2, 10 КО) күзде өтетін жекпе-жектен кейінгі жағдайға болжам жасады, деп жазады ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«26 қыркүйекте Джермалл Чарло рингтен тыс жеңіп алған WBC титулын үшінші рет қорғайды. Ол Анкасвилде Сергей Деревянченкомен кездеседі, бұл жекпе-жектің жеңімпазы «Канело» және Геннадий Головкин сияқты мықты боксшылармен айқасуға мүмкіндік алады», - деп атап өтті Аранау.

Головкинге келетін болсақ, оның жекпе-жектерінің кестесі әзірге төмендегідей: қазан айында ол IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметамен, ал 2021 жылдың мамырында рингте «Канеломен» кездесуі тиіс.


Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай