Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкин Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге дайын екендігін айтты

2021 жылдың 28 қараша 2021 16:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Ұлыбританияға барып, екінші айқас өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Егер үстелімнің үстінде қызықты ұсыныс болса, Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге сұраныс болса, оны қарауға дайынмын. Себебі, онда менің ең көп жанкүйерлер тобымның бірі бар», - деді Головкин.
Еске салайық, 39 жастағы қазақстандық Ұлыбританияда 2016 жылы айқас өткізді. Головкин жергілікті боксшы Келл Брукпен (39-3, 27 КО) жұдырықтасып, оны бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы салмақта WBA Super титулының иегері Риота Муратамен 29 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді.
Басты сөздер: Геннадий Головкин, Бокс, Спорт,
Жоғары қарай