Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкин Тайсонмен және басқа да аңызға айналған тұлғалармен бір қатарда орын алды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 08:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Twitter-де бокс туралы хабар тарататын танымал аккаунт The Squared Circle қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) сүйікті бес боксшысының тізіміне қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ бұл тізімде Майк Тайсон, Томас Хирнс, Марвин Хаглер және Джеймс Тонидің есімдері тұр.

Еске сала кетсек, 38 жастағы Головкин – ІBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ол сондай-ақ WBC және WBA Super белдіктерінің иегері болды.

Геннадийдің қараша айында рингке оралып, онда Польша боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) IBF титулы үшін жұдырықтасатыны күтіліп отыр. Әзірге Головкин-Шеремета арасындағы жекпе-жек өткізілетін күн мен орны ресми түрде бекітілген жоқ.


Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай