Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Головкин мансабын қашан аяқтайды - «Канело» бапкерінің болжамы

2020 жылдың 15 мамыр 2020 11:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауль «Канело» Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері Эди Рейносо 38 жастағы Генадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингте әлі қанша уақыт жұдырықтасатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

- Головкин әлі нокаутқа түскен жоқ, ол мықты және тәртіпке бағынатын боксшы. Менің ойымша, ол шамамен екі жыл уақыт жақсы деңгейде өнер көрсетеді, - деді Рейносо.

Еске сала кетейік, Головкин «Канеламен» екі рет жұдырықтасқан болатын. 2017 жылы алғашқы айқаста тең ойын болған еді. Ал бір жыл өткен соң болған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіс мекикалық боксшыға берілген болатын. Альварес пен оның командасы Геннадиймен рингте жыл соңында кездесетініне үміттенеді. Алайда бұған дейін қазақстандық боксшының өзі мәлімдегендей, ол IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуды жоспарлаған.


Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай