Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкин күзге жоспарланған айқасынан айырылып қалды

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 10:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ringnews24.com сайты IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің желтоқсан айында WBA Super титулының иегері Риота Муратамен бірлескен жекпе-жек алдында аралық айқасты неліктен өткізе алмағанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Бір күн бұрын GGG мен Мурата 28 желтоқсанда Кобиде (Жапония) жұдырықтасуға келіскені туралы ақпарат пайда болды, бірақ олар DAZN стриминг қызметінің мақұлдауын күтуі керек.

«Головкин мен Муратаның жекпе-жегі DAZN платформасында тікелей эфирден көрсетіледі деп жоспарланған. Алайда, оның өкілі әзірге келісім берген жоқ. Екі боксшы да Құрама Штаттарда тамызда және қыркүйекте айқасады деп үміттенген. DAZN бұл туралы Головкиннің командасымен келісе алмады, сондықтан Геннадийдің рингтегі үзілісі бір жылға созылады», - деп жазылған мақалада.



Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай