Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Головкин келесі айқасын Қазақстанда өткізуі мүмкін – промоутер

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 12:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ санатындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн GGG-дің поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі 11 сәуірде Қазақстанда өтуі мүмкіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Sports.kz осыған қатысты ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненконың пікірін білді.

«Жалпы, бәрі мүмкін, бастысы телеарна Қазақстанды қолдаса болғаны. Бірақ Головкин біздің елде Хирн немесе басқалар қалағандай ақша таппайды. Қазақстан спортын таныту үшін мұндай матч өткізу, әрине, үлкен жұмыс болар еді. Техникалық тұрғыдан алғанда жақсы шешім», - деді сала маманы.


Басты сөздер: Бокс, Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай