Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Головкин-«Канело» жекпе-жектері үздік айқастар рейтингіне енді

2020 жылдың 30 маусым 2020 20:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Gambling.com сайты Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің айқастарын спорт тарихындағы 101 үздік жекпе-жектің қатарына қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Мексика боксшыларының бәсекелестігі рейтингтің 91-ші орнына орналастырылған.

«Орта салмақ үздіктері Головкин мен Альварестің тартысы ұзақ уақыт жарнамаланып, 2017 жылдың қыркүйегінде басталды.

Сол кезде әлі жеңіліп көрмеген GGG-дің рекорды ерек еді – 37-0-0, оның 33-ші нокаутпен аяқталған. Ал «Канело» Флойд Мейвезерден жеңілгеніне қарамастан, сол кезде спортта енді жұлдызы жана бастаған еді.

Текетіреске алғашқы жекпе-жек себеп болды. Головкин мексикалық қарсыласынан 12 раундтың 10-ында басым түскенімен, төрешілердің шешімімен айқас тең аяқталды.

Бір жылдан кейін матч-реванш болып, Головкин бірінші рет жеңілді. Ал «Канело» мықтылығын дәлелдеп келеді», - делінген ақпаратта.


Басты сөздер: Спорт, Бокс, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай