Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегін бос трибунада өткізуге болмайды – Оскар де ла Хойя

2020 жылдың 1 шілде 2020 12:59

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің мүддесін қорғайтын промоутер Оскар де ла Хойя Головкин - «Канелоның» үшінші кездесуін бос трибуналарда өткізуге болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта бокс коронавирустық пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін аренаға біртіндеп оралуда. Алайда барлық іс-шаралар жабық ғимараттарда қатаң карантин талаптарын сақтай отырып өткізіліп жатыр. Қазақстандық пен мексикалық боксшылардың арасындағы үшінші кездесу 2021 жылы болады деп күтілуде. Оған дейін күзде екі спортшы аралық жекпе-жектер өткізеді.

— Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өтуі үшін бізге көрермен керек, жанкүйерлер қажет. Лас-Вегаста не істейтінін білмесек те, «Канело» жекпе-жегіне қатысты ештеңе бастай алмаймыз. Біз күн сайын жұмыс істейміз, барлығы риза болуы үшін бәрін де ойластырудамыз, - деді Оскар.


Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай