Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Головкин – «Канело» үшінші айқасы қашан ұйымдастырылуы мүмкін

2019 жылдың 26 қазан 2019 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Промоутер және бұрынғы кәсіпқой боксшы, AKboxing.ru сайтының иесі Александр Колесников Sports.kz сайтына сұхбат беріп, «Чикагода келесі жылдың ақпанында Геннадий Головкин Сауль Альвареспен айқас өткізе ме?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Канело» мен Головкиннің ақпанда өтуі мүмкін жекпе-жегіне қатысты айтайын. Ол кезде айқас өтпеуі мүмкін. Себебі, Альварес Ковалевпен жұдырықтасады, оның салмағы, ол айқаста жеңетіні немесе жеңілетіні, жарақат алатын-алмайтыны белгісіз... Ақпан – «Канелоның» келесі айқасы үшін тым жақын, сондықтан Головкин бұл уақытта 200% Альвареспен рингке шықпайды. Егер олар бір салмақ дәрежесінде қалатын болса, бәрі де мүмкін, өйткені екеуінің де DAZN-мен келісімге отыруы бекер емес қой. Бұл келісім қос боксшының шешуші жекпе-жегін өткізу үшін жасалған болса керек», - деді ресейлік сарапшы.

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин, Бокс,
Жоғары қарай