Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Головкин – «Канело» арасындағы үшінші жекпе жек өтетін күн белгілі болды

2020 жылдың 4 маусым 2020 09:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - The Athletic инсайдері Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе жек туралы жаңалықтарымен бөлісті. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның берген ақпараты бойынша, жанкүйерлер «Канело» мен GGG арасындағы жекпе-жекті биыл тамашалай алмайды.

«Канело» Альварес қазіргі кезде Сергей Деревянченкомен 14 қыркүйекте жұдырықтасу туралы келіссөздерді жүргізу үстінде. «Канело» басқа қарсыластарын да қарастыруда, бірақ олардың арасында Головкин жоқ. «Канело» — GGG арасындағы жекпе-жектің 2021 жыл басталғанша өтуі екіталай», - деп жазды Коппинджер Тwitter-де.

Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметаа (21-0, 5 КО) қарсы өткізетіні күтіліп отыр. Бұл жұдырықтасу тамыз айында өтуі тиіс.


Басты сөздер: Бокс, Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай