Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Головкин бокстағы сыбайлас жемқорлық туралы айтты

2020 жылдың 20 маусым 2020 18:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) The Lockdown Tapes эфирінде спорттағы сыбайлас жемқорлық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жемқорлық, жемқорлық және тағы да жемқорлық. Мен бокстың болғанын қалаймын, спорт ең алдымен таза болуы керек. Иә, ауыр, мен тіпті өткенді қозғағым да келмейді. Тағдырыма Олимпиада чемпионы болмай-ақ, еңсемді түсірмей, спортшы болып қалғаныма, ішкі менімді жоғалтпағаным үшін алғыс айтамын», - деді Геннадий Головкин.

Головкиннің сұхбаты Matchroom Boxing YouTube каналына салынған. Жүргізуші Крис Ллойд аудармашы арқылы GGG-ге Джонатон Бэнкспен бірге жаттығудан бастап, Биг Бэнкстегі лагерь, оның отбасылық өмірі және болашаққа арналған жоспарларына қатысты бірнеше сұрақ қойды.

Бір ай бұрын Геннадий Головкин карантиннен кейін бірінші кезекте не істейтінін айтқан болатын.

«Карантиннен кейін бірінші кезекте бокс залына барамын» - деп жазған еді Геннадий Головкин өзінің Instagram парақшасында.

Кейіннен Головкиннің (40-1-1, 35 КО) сопромоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін хабарлаған еді.


Жоғары қарай