Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

GGG әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін айқасуы керек - Головкиннің промоутері

2021 жылдың 20 сәуір 2021 13:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Промоутер Эдди Хирн орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин (IBF) мен Джермалл Чарлоның (WBC) бұл дивизиондағы WBO атағының иегері Демериус Андрадемен бірлескен жекпе-жек өткізгісі келмейтініне таңқалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі күні Андраде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шемімімен міндетті үміткер Лим Уильямсті жеңді. Бұдан кейін американдық боксшы GGG-мен жұдырықтасу ниетін білдірген. Головкиннің өзі болса, дереккөздердің мәліметінше, жылдың соңында Жапонияда WBA Super чемпионы Риото Муратамен айқас туралы келіссөздер жүргізу үстінде.

«Андраденің демалыс күні өтетін жекпе-жегінен кейін Джермалл Чарло Деметриуспен жекпе-жекте жеңеді деп ойлаймын. Егер сен чемпион болсаң, басқа чемпиондармен жекпе-жекке шығуға тырысуың керек деп санаймын. Геннадий 31 желтоқсанда Риото Муратамен кездесуі жайлы келіссөздерін жүргізіп жатыр. Мен оған осы жазда Андрадемен айқасып, титулдарды біріктіріп, одан кейін желтоқсанда тағы бір унификация өткізуді (Муратаға қарсы), ал одан кейін әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін Чарломен жұдырықтасуға кеңес берер едім», - деді Хирн IFL TV-ға берген сұхбатында.



Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай