Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Германияның бас консулы Түркістанға келді

2020 жылдың 11 наурыз 2020 19:46

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Германия Федеративті Республикасының бас консулы Кристиана Маркертпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар екі жақтың сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мүмкіндіктерін, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ облыс басшылығы қонақтарды өңірдің экономикалық және туристік әлеуетімен таныстырды.

«Қазір Түркістан нағыз құрылыс алаңына айналған. Көне шаһарда әлеуметтік-мәдени нысандармен қатар халықаралық әуежай, «Ұлы Жібек жолы» ұлттық қолөнер орталығы, конгресс-хол, «Керуен Сарай» туристік кешені, «Риксос» және «Хилтон» сынды әлемдік стандартқа сай қонақ үйлер мен басқа да ғимараттар бой көтеруде. Өңіріміздің осынау әлеуетін және Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз қарым-қатынасты ескере отырып, біз барлық сала бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз»,-деді облыс әкімінің орынбасары.




Кристиана Маркерт өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды арттыруға барынша қолдау көрсетіп, Германия елінің белді компанияларының Түркістан өңірін дамытуға бағытталған жобалаға қатысуға дайын екенін айтты. Түркістан облысында Еуроодақ елдерінің компаниялары атсалысып жатқан 8 жоба жүзеге асуда. Олардың арасында Eni, Urbasolar сияқты танымал компаниялар бар.




Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Германиямен сыртқы сауда айналымы 1,4 млрд АҚШ долларын құраған.

Елімізде неміс компанияларының қатысуымен 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында Linde AG, HeidelbergCement, BASF, Knauf, Siemens, Wilo, Metro Cash and Carry, CLAAS сияқты ірі компанияларды атап өтуге болады.

Соның арқасында соңғы 4 жылда екі ел кәсіпорындары арасында 2 млрд еуродан астам қаржының бірлескен жобалары жүзеге асырылған.





Жоғары қарай