Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Германияда коронавирусты жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 15:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Пандемия басталғаннан бері Германияда алғаш рет инфекция жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 150 000-нан асты, апта сайынғы инфекция жұқтыру деңгейі 900-ден асты. Реанимация бөлімшелерінің жүктемесі де артып келеді, бірақ төмен деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Өткен тәулікте вирус жұқтыру жағдайларының саны 164 мыңды құрады (бір күн бұрын – 126 955 және өткен сәрсенбіде 112 323). Осылайша, 21 қаңтарда тіркелген 140 160 бұрынғы ең жоғары көрсеткіштен асып кетті.

Германиядағы коронавирусқа қарсы шектеулерді күшейтудің немесе әлсіретудің ең маңызды критерийі - қарқынды терапия бөлімшелерінің жүктемесі де өсіп келеді, бірақ әлдеқайда төмен қарқынмен.

Медициналық мекемелердің мәліметтері бойынша 100 мың халыққа шаққанда 4,07-ге дейін өсті; екі күн бұрын ол 3,87 болған. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың Рождество кезеңінде ең жоғары деңгейге жетті.


Жоғары қарай