Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Германия коронавирусты тегін тексеру тестін өткізбейтін болды

2021 жылдың 11 тамыз 2021 20:54

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германия 11 қазаннан бастап өз азаматтары үшін коронавирусты тегін тексеру тесттерін өткізбейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ел билігі бұл қадамға адамдарды вакцина салдыртуға түрткі болуы үшін барды. Шектеу денсаулығына байланысты екпе салдырта алмайтындарға қатысы жоқ. Германияда наурыз айында басталған вакциналау қарқыны мардымсыз болды, соңғы апталарда тіпті баяулады.

Ал вакциналау деңгейі ел бойынша ең төмен болған шығыстағы Тюрингияда екпе салдыртқандардың барлығына грильде пісірілген шұжық таратылып жатыр.

Ұлыбритания тұрғындары арасында вакцинаның тиімділігіне қатысты теріс пікір бар. Ел билігі ересек тұрғындардың коронавирусқа қарсы препараттың екі дозасын салдырту межесін қалыпты өмірге оралу жолындағы маңызды қадам деп отыр.

Өз кезегінде Литва тұрғындары вакцина салдырғандарды марапаттауға қатысты наразылық білдірді. Вильнюс билігі қарсылық танытқандарға қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, қыркүйектің ортасынан бастап екпе салдыртпағандар коронавирус жұқтырып алу жағдайында тегін емделу құқығынан айырылады.

Осы арада, 300-ге жуық ерікті медицина қызметкер теңізге қарай жол жүріп жатыр. Олар Мартиникика мен Гваделупаға ұлттық тілектестік рухын қолдап, жұқтыру оқиғалары санының өсуімен күрес жүргізуге баратындарын айтты. Францияның теңіз аумақтары COVID-19 вирусының жаңа толқынымен барынша күрес жүргізіп жатыр.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай