Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Германия халқы коронавирус 2021 жылы да тарауы мүмкін деп үрейленіп отыр

2020 жылдың 13 қазан 2020 00:08

БЕРЛИН. DW.COM-ҚазАқпарат – ГФР азаматтарының басым бөлігі жаңа коронавирус індетінің тарауы 2021 жылы да жалғасуы мүмкін деп алаңдап отыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ergo» сақтандыру компаниясының қоғам пікірін зерделеу мақсатында жүргізген сауалнамаға қатысушылардың 60 пайызы індеттің келесі жылы да тарайтындығына алаңдаушылық білдіріп отыр. Сауалнамаға қатысушылардың тек 18 пайызы ғана үрейленуге еш негіз жоқ деп есептейді.

Ең қызығы, індеттің тарауы жалғасуы мүмкін деген болжам негізінен 18-30 жас аралығындағы азаматтарды (70 пайыз) қатты алаңдататын көрінеді. Мұндай болжамға 31 мен 40 жас аралығындағы азаматтар аса сене бермейді. Дегенмен мұнда да көрсеткіш 54 пайызды құрап отыр.

Өздерін жаңа вирустан ең көп зардап шегуі мүмкін тәуекел тобына жатқызатындар саны сауалнамаға қатысушылардың 41 пайызын құрап отыр. 30-жасқа дейін жастар арасында бұл көрсеткіш 11 пайыз болса, 60 жастан асқандар арасында 75 пайызды құрап отыр.


Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай