Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Геннадий Головкиннің үздік 5 жекпе-жегі қандай

2020 жылдың 13 маусым 2020 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - HighlightsPH Youtube арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ең үздік бес жекпе-жегін іріктеп, көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шолуға Головкиннің Давид Лемьемен, Дэниэл Джейкобспен, Келл Брукпен айқасы және Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегі енген.

Оның ішінде ең үздігі ретінде GGG мен «Канелоның» жұдырықтасуын көрсеткен. Бұл кездесуде екеуі әділқазы шешімімен тең түскен болатын.

Еске сала кетейік, Головкин мен Сауль Альварестің үшінші айқасы осы жылдың соңында немесе келесі жылы өтеді деп жоспарланып отыр.



Жоғары қарай