Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

2020 жылдың 7 мамыр 2020 10:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жолы Головкиннің қарсыласы – өзі сияқты IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер, поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Геннадийдің айтуынша, ол Шереметамен жекпе-жек өткізу туралы коронавирус пандемиясына дейін келіскен және «өзінің міндеттері мен уәдесін орындауға дайын».

Бұл жекпе-жектен кейін Головкин Мексика боксшысы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) көптен күткен айқасқа дайындалатыны күтілуде. Қазақстандық боксшы «Канеломен» мамыр немесе қыркүйек айында жұдырықтасуға дайын болғанын, бірақ қарсыласы жекпе-жектен қашқақтап, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) келіссөздер жүргізіп кеткенін атап өтті.


Басты сөздер: Геннадий Головкин, Бокс,
Жоғары қарай