Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Геннадий Головкин көптен күткен мәлімдеме жасады

2021 жылдың 8 қазан 2021 12:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) рингке оралуға дайындығын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Instagram әлеуметтік желісіндегі кезекті жарияланымда Головкинді өз командасы – жаттықтырушысы Кристофер Камачо, ағасы Максим және проспект-суперорта салмақтағы Әли Ахмедовтің ортасында тұр. Бұл суреттердің астында «Жаттығу лагеріне оралған қандай тамаша. Барлығын аман көргеніме қуаныштымын» деген жазу бар.

GGG-дің келесі жекпе жегі желтоқсан айының соңында Жапонияда өтетіні күтілуде. Оның қарсыласы WBA Super нұсқасы бойынша орташа категориядағы жергілікті әлем чемпионы Риота Мурата болмақ. Бұл Головкиннің 2020 жылдың желтоқсанынан бері өткізілген алғашқы жекпе-жегі болмақ.


Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай