Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келеді

2020 жылдың 20 маусым 2020 18:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) The Lockdown Tapes эфирінде өз Отанында жекпе-жек өткізгісі келетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине, қазақ халқы мұндай кешті өз «үйлерінде» өткізуге әбден лайық. Олар АҚШ-тағыдай керемет, үлкен шоуды жоғары деңгейде көру мүмкіндігіне ие болуы керек. Халық бұған лайық деп санаймын. Мұндай шоудан әсер алып тамашалауға мүмкіндік беру үшін оны ұйымдастыру қажет. Мен «әрине, иә» деп айтар едім. Бұл мәселеде маған көп нәрсе байланысты емес. Егер мұндай мүмкіндік бола қалса, мен қуана-қуана оны жасар едім», - деп пікірін білдірді Геннадий Головкин.

Головкиннің сұхбаты Matchroom Boxing YouTube каналына салынған. Жүргізуші Крис Ллойд аудармашы арқылы GGG-ге Джонатон Бэнкспен бірге жаттығудан бастап, Биг Бэнкстегі лагерь, оның отбасылық өмірі және болашаққа арналған жоспарларына қатысты бірнеше сұрақ қойды.

Бір ай бұрын Геннадий Головкин карантиннен кейін бірінші кезекте не істейтінін айтқан болатын.

«Карантиннен кейін бірінші кезекте бокс залына барамын» - деп жазған еді Геннадий Головкин өзінің Instagram парақшасында.

Кейіннен Головкиннің (40-1-1, 35 КО) сопромоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін хабарлаған еді.


Басты сөздер: Бокс, Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай