Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Геннадий Головкин Деревянченконы нокаутпен жеңетінін айтты

2019 жылдың 2 қазан 2019 23:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 қазандағы жекпе-жекте қарсыласы, украиналық Сергей Деревянченконы нокаутқа жіберу үшін барын салатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен өз стилімді сақтап қалғым келеді. Ол — big drama show. Егер ол маған бірінші немесе екінші раундтқа қандай да бір мүмкіндік берсе, мен оны нокаутпен жеңемін. Сол сәтті өткізіп алмаңыздар! Қазір менің бар ынта-ықыласым, күш-жігерім Деревянченкомен айқасқа бағытталған. Деревянченконы тізе бүктірсем, мені керемет болашақ күтіп тұр дей беріңіз. Маған біріктіруші жекпе-жектер, танымал есімдер керек... Мұнымен тоқтап қалмаймын. Мен бәріне дайынмын», - деді Геннадий Головкин ашық жаттығудан кейін.

Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко бокс кеші 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Спортшылар орта салмақтағы IBF және IBO титулы үшін бақ сынайды.

Осы бокс кешінің андеркардында тағы бір қазақ боксшысы Әли Ахмедов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – америкалық Эндрю Эрнандес.

Фото: vk.com/ggolovkin

Жоғары қарай