Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Газетке оралған тауар: Алматы полициясы есірткі дилерін ұстады

2020 жылдың 7 тамыз 2020 15:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы газетке орап, есірткі заттарын сатып жүрген адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлерінің жүргізген арнайы іс-шарасының нәтижесінде қалада есірткі сатумен айналысатын 46 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде қалтасында газет бумасы табылды, онда ерекше иісі бар қара-жасыл түсті бір зат салынған. Сонымен қатар, айыпталушының үйінен өсімдік тектес заттар салынған 11 газет орамы табылды. Сот-химиялық сараптамасы тәркіленген есірткінің «гашиш» екендігін анықтады», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Полиция департаменті ер адамды қамауға алды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Жоғары қарай