Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Газ тарифы төмен болса, инвестиция салу тиімсіз  - экономист

2021 жылдың 27 сәуір 2021 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономист Айдархан Құсайынов тауарлық газға тарифті көтеру жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде қанағаттанарлық жағдайда болмай тұрған газ саласын дамыту үшін мол қаражат қажет. Мәселені шешудің бір нұсқасы – газға ішкі тарифті көтеру, әрине бұл көп адамға ұнамауы мүмкін. Бүгінгі таңда «көгілдір отын» тарифтері экспорт есебінен субсидияланады, яғни ішкі нарықта шығындар бар, газдың төмен бағасы экономиканы бұрмалайтынын түсіну керек», - деді А. Құсайынов.

Оның айтуынша, мұнай-газ саласын тартымды ету үшін тариф тиімді болуы керек.

«Арзан газ өзінің энергия тиімділігін, оның ішінде өнімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға серпін бермейді. Қазіргі уақытта газ нарығындағы теңгерімсіздік газ өнеркәсібінің дамуына кедергі келтіреді. Қазір ішкі газ жүйесіне және газ өндіруге инвестиция салу тиімді емес. Әрине, тарифтің өсуі жағымды жаңалық емес, дегенмен, бұған сабырлы және түсіністікпен қарау керек», - дейді экономист.


Жоғары қарай