Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

«Гарант 24 Ломбард» Тараз бөлімшесінің директоры ұсталды

2020 жылдың 22 ақпан 2020 16:12

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – 21 ақпан күні Жамбыл облыстық полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС салымшылары арызданды. Олар ақшасы мен дүние-мүлкін салып, алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтық және қаржылық пирамида құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС Тараз бөлімшесінің директоры ұсталды, жедел тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

Басқа деректер ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, жариялауға жатпайды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер саны мен мен шығын көлемі анықталып жатыр.


Жоғары қарай