Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ғаламшардағы ең күшті әйел қаза тапты

2017 жылдың 7 қараша 2017 01:30

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пауэрлифтингтен бірнеше дүркін әлем чемпионы, 1990 жылдары ғаламшардағы ең күшті әйел атанған ресейлік Наталья Румянцева 46 жасында өмірден озды.

Ол спорттық мансабынан кейін бапкер болған.

«Пауэрлифтингтен жеті рет әлем чемпионы, Ресейге еңбегі сіңген спорт шебері Наталья Румянцева 47 жасында кенеттен қаза тапты. Бұрынғы спортшының, қазіргі бапкердің денсаулық жағдайының қандай болғандығы белгісіз. Оқыс оқиғаның себеп-салдары да беймәлім»»- деп хабарланды бұл қайғылы оқиға жайлы Санкт-Петербург пауэрлифтинг федерациясының «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Румянцева спорттың бұл түрімен Санкт-Петербургте 1992 жылдан шұғылдана бастаған. Сол жылы спорт шеберінің нормативін орындаған. Ал келесі жылы «халыаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды.

Спортшы 82,5 және 90 келі салмақта өнер көрсеткен. 1993 жылдан бастап 1999 жылдар аралығында қатарынан 7 рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Наталья Румянцева ең титулы көп спортшы әйел ретінде және 212 рет рекорд жаңартқаны үшін 2000 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Автор Ерлан Қожакелдиев
Басты сөздер: Спорт, Ресей,
Жоғары қарай