
Аида Балаева онлайн петиция бірыңғай платформасын құру үшін негізгі талаптарды атады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу кезінде онлайн петиция бірыңғай институтын қалыптастыруға бағытталған өзгерістер туралы заң жобасының негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова әлемдегі күрделене түскен эпидемиялық ахуал аясында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банкте ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы ҚР Заңына сәйкес Ұлттық Банкте ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nur Otan партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Бюро мүшелеріне Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға 33 жастағы Мейіржан Отыншиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаржы реттеушісі ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдарға 5,7 млн теңге айыппұл салды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы желтоқсанда халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне жүйелік мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай