Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзалдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» «Атыраудан»  басым түсті

2021 жылдың 10 мамыр 2021 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық ойынының алғашқы кездесуінде Алматының «Қайрат» командасы «Атырау» командасын тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуде алматылық клуб қарсыласынан 9:2 есебімен басым түсті. Ойын барысында Тұрсағұлов пен Оразов бір, Диего пен Эдсон екі, Ақбалықов үш голдың авторы атанды. Ал «Атырау» сапынан Далтон мен Эрик Данило көзге түсті.

Финалда командалар біреуінің үш жеңісіне дейін шеберлік байқасады. Енді екі клуб 11 және 14 мамыр күндері бәсекелеседі. Бұл ойындарда жеңімпаз анықталмаған жағдайда тағы екі кездесу 17 және 18 мамырға белгіленіп отыр.

Үшінші орын үшін сайыста «Аят» «Ақтөбені» жалпы серияда 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол созды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай