Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» және «Атырау» алғашқы ойындарын өткізеді

2021 жылдың 27 қазан 2021 19:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі сатысында «Қайрат» және «Атырау» командалары алғашқы ойындарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, «Қайрат» төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Чехияның «Пльзень», Ресейдің «Тюмень» және Италияның «Пезаро» командалары.

Алматылық клуб бүгін «Пльзень» клубымен шеберлік байқасады. Кездесу елорда уақытымен 21:30-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

«Қайрат» одан кейін 28 қазанда «Тюмень», 30 қазанда «Пезаро» клубтарымен кездеседі.

Ал «Атырау» екінші топта Словенияның «Добовец», Португалияның «Спортинг» және Францияның «Аньер Вильнев 92» командалармен бақ сынайды.

Атыраулық клуб бүгін елорда уақытымен 00.00-де «Добовецпен» кездесеіп, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Одан кейін атыраулықтар 28 қазанда «Спортингпен», 30 қазанда «Аньер Вильнев 92» командасымен ойнайды.

Әрбір топтан алғашқы үш орынға ие болған командалар элиталық сатыға жолдама алады.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай