Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Аньер-Вильнев» клубымен тең түсті

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 18:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық команда екінші ойынын Францияның «Аньер-Вильнев» клубымен шеберлік байқасты.

Кездесуді франциялық команда белсенді бастады. Нәтижесінде олардың қатарынан Родриго Да Силва 13, Болинья 14-минуттарда мергендік танытты. Ал одан кейін алматылық клубтан Эдсон 15-минутта есеп айырмасын қысқартты. Осылайша бірінші кезеңде «Қайрат» 1:2 есебімен жол берді.

Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында қазақстандық клуб алға ұмтылды. Ойынның 21-минутында Диего Фаверо көздеген нысанадан мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ол 29-минутта «Қайратты» алға шығарды.

Еске салсақ, «Қайрат» бұған кейін 2 желтоқсанда Беларусь клубы «ВитЭн-нен» басым түсті.

«Қайрат» енді 5 желтоқсанда «Тюмень» клубымен ойнайды.

Айта кетсек, алматылық клуб А тобында сынға түсті. Қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь),«Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командалары.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай