Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан басым түсті

2021 жылдың 12 қыркүйек 2021 23:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Литвада футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар алғашқы ойынын бүгін, 12 қыркүйекте Коста-Рикаға қарсы өткізді. Бұл кездесуде қазақстандық футзалшылар сенімді ойын көрсетті.

Құрама сапынан алдымен Шыңғыс Есенаманов 10, Дәурен Тұрсағұлов 11-минуттарда есеп ашқан еді. Одан кейін коста-рикалық құрама бір голмен есеп айырмасын қысқартты. Ал қазақстандықтар қатарынан Дуглас Жуниор 14, Тайнан 17-минуттарда есеп айырмасын арттырды.

Екінші кезеңде Біржан Оразов пен Тайнан 27-минутта екі мәрте қақпаны дәл көздеп, жеңіске жақындай түсті.

Осылайша Қазақстан қарсыласын 6:1 есебімен жеңді.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.

Енді Қазақстан құрамасы 15 қыркүйекте Литвамен ойнаса, 18 қыркүйекте Венесуэламен шеберлік байқасады.

Топтық кезең ойындары 12-20 қыркүйек аралығында болады. Ал 1/8 финал 22-24 қыркүйекте өткізілсе, ширек финал 26-27, жартылай финал 29-30 қыркүйекте ойналады. Финал мен 3-орын үшін сайыс 3 қазанға белгіленген.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай