Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан бүгін ширек финалда Иранмен ойнайды

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Иранмен шеберлік байқасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ирандық құрама 1/8 финалда Өзбекстан құрамасын 9:8 есебімен тізе бүктірді.

Ал Қазақстан жарыстың аталған сатысында Таиландтан 7:0 есебімен басым түсті.

Кездесу елорда уақытымен 23:00-де басталып , «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұған дейін әлем чемпионатының ширек финалында Бразилия Марокконы 1:0 есебімен жеңсе, Ресей Аргентинаға қосымша кезеңде 1:2 есебімен жол берді.

Ослыайша жартылай финалдағы алғашқы жұп анықталып, онда Аргентина мен Бразилия сынға түспек.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болды. Ал Венесуэламен 1:1 есебімен тең түсті.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай