Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзалдан әлем чемпионаты: 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 12:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан әлем чемпионаты 1/8 финалына шыққан құрамалар толықтай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі доданың топтық кезеңінде барлығы 24 құрама сынға түсті. Әрбір топтан бірінші және екінші орынға ие болғандары 1/8 финалға тікелей жолдама алды. Олардың қатарына үшінші орындағы үздік көрсеткішке ие болған құрамалар қосылды.

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионатында Қазақстан А тобында Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болды. Ал Венесуэламен 1:1 есебімен тең түстіп, бірінші орын алды. Енді олар 23 қыркүйекте 1/8 финалда Таиланд құрамасымен шеберлік байқасады.

1/8 финалдағы өзге жұптар төмендегіше:

22 қыркүйек. Ресей - Вьетнам (Вильнюс)

22 қыркүйек. Венесуэла - Марокко (Каунас)

23 қыркүйек. Аргентина - Парагвай (Вильнюс)

23 қыркүйек. Бразилия - Жапония (Каунас)

24 қыркүйек Өзбекстан - Иран (Вильнюс)

24 қыркүйек. Португалия - Сербия (Каунас)

24 қыркүйек. Испания - Чехия (Вильнюс)

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті. Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай