Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Футзал: Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 03:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты ширек финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, құрлықтық додада А және В тобында үшінші тур ойындары өткізілді. Нәтижесінде ширек финалға шыққан құрамалар анықталды.

Қазақстандық футзалшылар В тобында 7 ұпаймен бірінші орын алды.

Топтық кезеңде қазақстандық футзалшылар Словениямен 4:4 есебімен тең түссе, одан кейін Финляндияны 6:2, Италияны 4:1 есебімен есебімен тізе бүктірді.

Екінші орын 4 ұпай еншілеген Финляндияға бұйырды.

Ал А тобында бүгін Поргугалия Украинаны 1:0 есебімен жеңсе, Сербия Нидерландыдан 3:2 есебімен басым түсті. Ширек финалға Португалия мен Украина шықты.

Енді 31 қаңтарда ширек финалда Қазақстан мен Украина, Португалия мен Финляндия кездеседі.

Сондай-ақ, 29 қаңтарда С және D топтарында ойын өткізіледі.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы 4-орын алды.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай