Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзал: Қазақстан құрамасының қарсыластары өзара кездесті

2021 жылдың 4 наурыз 2021 17:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бір топта ойнайтын Венгрия және Израиль құрамалары өзара кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Венгрия жерінде өткен ойын барысында Израиль құрамасы қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша іріктеу кезеңіндегі алғашқы үш ұпайына қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футзалшылар бесінші топқа түсті. Қарсыластары - Венгрия, Беларусь және Израиль құрамалары.

Қазақстаннан өзге құрамалар үш ойыннан өткізді. Олардың барлығында үш ұпайдан бар. Ал екі ойыннан қазақстандық футзалшылар алты ұпай еншілеп6 көш басында тұр.

Айта кетейік, қазақстандықтар өз алаңында Венгрияны 5:0, Беларусьті 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан құрамасы енді 8 наурызда Беларусьпен сырт алаңда тағы бір ойын өткізеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай