Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Футболдан Конференция лигасының жеңімпазы анықталды

2022 жылдың 26 мамыр 2022 09:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Конференция лигасының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирдің финалында Италияның «Рома» және Нидерландының «Фейеноорд» командалары кездесті.

Командалар бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Екеуінің де гол соғатын көптеген мүмкіндігі болды.

Ойынның 32-минутында италиялық командадан Николо Дзаньоло гол соғып, командаын алға шығарды.

Екінші кезеңде де командалар есепті өзгертуге бар күшін салды. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Осылайша «Рома» биыл тұңғыш мәрте өткізілген Конференция лигасының жеңімпазы болды.

Италиялық клуб өзінің тарихында тұңғыш рет еурокубок ойындарының жеңімпазы атанып отыр.

Бұған дейін 1994 жылы Кубок иелері кубогында, 1991 жылы Еуропа лигасында финалист атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы болды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай