Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Футболдан Конференция лигасы: «Қайрат» «Омониямен» тең түсті

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 10:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасында қазақстандық «Қайрат» сырт алаңда Кипрдің «Омония» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Қайрат» H тобында сынға түсті. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары.

Бұған дейін алматылық клуб өз тобында бес ойын өткізді. Алғашқы турда «Омониямен» тең түсіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

Екі команда да жарысты жалғастыру мүмкіндігінен ертерек қол үзген еді.

Сондықтан қайсысы жеңіске жетсе де еурокубок ойындарын ертерек аяқтайтын.

Кездесу барысында командалар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Дегенмен мүмкіндіктерін мүлт жіберіп жатты.

Бірінші кезеңнің соңына таман «Омония» қақпасына белгіленген пенальтиді Жоао Поало пайдалана алған жоқ.

Екінші кезеңде де командалар гол соғу мүмкіндігін қарастырды. Дегенмен таблодағы есеп өзгерген жоқ. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Аталған топта «Базель» және «Карабах» жарыстың келесі сатысына жолдама алды.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай