Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Конференция лигасы: «Қайрат» бүгін «Базельмен» кездеседі

2021 жылдың 25 қараша 2021 15:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 25 қарашада UEFA Конференция лигасы топтық сатысында қазақстандық «Қайрат» бесінші ойынын Швейцарияның «Базель» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 21.30-да басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойын Алматы қаласындағы орталық стадионда өткізіледі.

Кездесуде грузиялық Гога Кикачеишвили бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Давит Габисония мен Георгий Эликашвили көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - сол елдің өкілі Ираклий Квирикашвили.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Базель» 4:2 есебімен басым түсті.

«Базель» клубы 1893 жылы құрылған. Өзінің елінде 20 мәрте чемпион атанған еді. Еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді.

Айта кетсек, «Қайрат» H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары.

Қазір «Қайрат» өз тобында 1 ұпаймен соңғы орында тұр. «Базель» 8 ұпаймен екінші орында келеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай