Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан кубогы: Жартылай финалға шыққан командалар анықталды

2021 жылдың 27 қазан 2021 21:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына жолдама алған барлық команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финалдағы соңғы ойында Қызылордада «Қайсар» мен Алматының «Қайраты» кездесті. Ойын барысында алматылық клубтан Вагнер Лав 76, Артур Шушеначев 88-минуттарда мергендік танытты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Алғашқы ойында алматылықтар 3:0 есебімен басым түскен болатын.

Сондай-ақ, бүгін Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Таразды» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірген еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ширек финалда «Астана» (Нұр-Сұлтан) «Каспий» (Ақтау) командасын (3:3, 1:0), «Тобыл» (Қостанай) «Қызылжар» (Петропавл) клубын (1:0, 1:0) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.

Енді жартылай финалда «Астана» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Шахтер» кездеседі. Командалар 1/2 финал ойындарын 6 және 20 қараша күндері өткізеді.

Финал 28 қарашаға белгіленген.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай