Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасты

2020 жылдың 17 қазан 2020 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 13-турында екі ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен Көкшетаудың «Оқжетпес» және Петропавлдың «Қызылжар» командалары кездесті. Екеуі де турнир кестесінде төменгі орындарда келеді. Сондықтан олар үшін жеңіс ауадай қажет болатын. Бұл жолы көкшетаулық команда үш ұпайды олжалап кетті.

«Қызылжар» сапынан 43-минутта Шота Григалашвили есеп ашқан еді. Оған екінші кезеңде Артем Дмитриев 54, Дарко Зорич 68-минутта қос голмен жауап қайырды.

Осылайша «Оқжетпес» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесу Жамбыл облысының «Тараз» және Қызылорданың «Қайсар» командалары шеберлік байқасты.

Бірінші кезеңде «Тараз» сапынан Бауыржан Тұрысбек 22, Серж Ньюажзи 25-минуттарда гол соқты.

Екінші кезеңде «Қайсар» шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе 61, 82-минуттарда қос голдың авторы атанды. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Енді аталған турда 18 қазанда «Шахтер» мен «Ордабасы», «Жетісу» мен «Қайрат», «Каспий» мен «Тобыл» командалары кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай