Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тұран» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

2021 жылдың 9 мамыр 2021 22:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің оныншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы соңғы ойында Түркістанда жергілікті «Тұран» мен Петропавлдың «Қызылжар» командасы кездесті.

Ойын барысында екі команда бір-бірінің қақпасына жиі шабуылдады. Дегенмен қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Кездесу тағдырын шешкен гол 92-минутта соғылды. Сол уақытта «Қызылжар» қақпасына белгіленген пенальтиді «Тұран» футболшысы Стефан Живкович мүлт жіберген жоқ.

Осылайша түркістандық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде біріншілік барысында қатарынан екінші мәрте жеңіске жетіп отыр.

Аталған жеңістен кейін «Тұран» 9 ұпай жинап, 11-орынға көтерілді.

Айта кетейік, аталған турдағы төрт ойын 8 мамыр күні өткізілді. Сол күні өз алаңында Қызылорданың «Қайсары» Оралдың «Ақжайығынан», «Тараз» елордалық «Астанадан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды . Ал Алматының «Қайраты» Қарағандының «Шахтерімен» 1:1, Ақтаудың «Каспийі» Шымкенттің «Ордабасы» клубымен 0:0 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ, бүгін «Ақтөбе» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 5:1 есебімен тізе бүктірді .

Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атыраудан» 2:0 есебімен басым түсті .

Енді алдағы он бірінші тур ойындары 15 мамырда өткізіледі.

Бұл күні «Ақжайық» пен «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Қайсар», «Астана» мен «Жетісу», «Атырау» мен «Тараз», «Қызылжар» мен «Каспий», «Ордабасы» мен «Тобыл», «Шахтер» мен «Тұран» командалары шеберлік байқасады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай