Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» - ел чемпионы

2021 жылдың 30 қазан 2021 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы доп додасында бас жүлде Қостанайдың «Тобыл» командасына бұйырды. Қостанайлық клуб соңғы турда Оралда «Ақжайықты» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Чемпиондықтан тағы бір үміткер - елорданың «Астанасы» өз алаңында Түркістанның «Тұранымен» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ал үздік үштікті түйіндеген Алматының «Қайраты» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Төртінші орын үшін таласта Петропавлдың «Қызылжары» Шымкенттің «Ордабасы» клубын 3:2 есебімен сүріндірді.

Нәтижесінде төртінші орын петропавлдық командаға бұйырды.

Сондай-ақ, бүгін сырт алаңда Қызылорданың «Қайсары» «Таразды» 2:1, Ақтаудың «Каспийі» «Ақтөбені» 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал Қаарғандыда «Шахтер» «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді.

Енді Қазақстан кубогы жартылай финал ойындары өтеді. Жарыстың аталған сатысында «Астана» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Шахтер» кездеседі.

Командалар 1/2 финал ойындарын 6 және 20 қараша күндері өткізеді.

Финал 28 қарашаға белгіленген.


Фото: fctobol.kz


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Футбол,
Жоғары қарай