Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» жеңіп, «Қайрат» есе жіберді

2021 жылдың 12 қыркүйек 2021 23:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры ойыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін аталған турдың екінші ойын күнінде «Шахтер» «Жетісуды» 3:1 есебімен жеңсе, «Ордабасы» «Қайратты», «Тобыл» «Каспийді» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал «Ақтөбе» мен «Тараз» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Бұл турдың алғашқы күнінде «Қызылжар» «Қайсардан» 2:0 есебімен басым түскен еді. Одан кейін өз алаңында «Ақжайық» «Астанадан» 0:1 есебімен жеңілсе, «Атырау» мен «Тұран» командалары 2:2 есебімен тең түсті.

Осы турдан кейін 45 ұпаймен «Тобыл» көш басында тұр. Одан кейінгі орындардағы «Астананың» 44, «Қайраттың» 37 ұпайы бар.

Енді келесі тур ойындары 18 қыркүйек күні өткізіледі.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай